Кейін науқастардың күтімі

Өңеш ауруымен операция жасалынатын науқастарды операцияға дейін жақсылап тексеруден өткізу керек, себебі күрделі патологиясы (қатерлі ісік ) бар науқастарда көбіне салмақ жоғалту және денесінде сұйықтық құрамы жеткіліксіз болады.

Медбике емдеуші дәрігердің нұсқауымен науқастарға инфузиялық терапияны белоктық препараттармен, тұзды сұйықтықтармен, плазма алмастырғыштармен жүргізеді. Операция алдында медбике өңештің өзегінің кішірейген аймағының үстіне жыйналып қалған тамақ қалдықтарын түгелімен антисептикалық ертінділермен жуады.

Операциядан кейін науқасты интенсивті терапиялық палатаға немесе жансыздандыру – жандандыру бөлімшесіне наркоздан оянғанға немесе күрделі операциядан кейін науқастың жалпы жағдайы жақсарғанға дейін жатқызып, ем жүргізеді. Медбике наркоздан кейінгі науқасқа сулы оттегімен тыныс алуды ұйымдастырып, сұйықтықты тамшылатып құю үшін жүйені толтырып, инфузияны ары қарай жалғастырып, гемодинамикаға бақылау жасайды. Ол үшін науқастың тыныс алу, жүрек соғу жылдамдығын, артериялық қан қысымының мөлшерін, алшақ орналасқан қан тамырларының толуын бақылайды. Сонымен бірге науқастың терісінің және шырышты қабаттардың түрін, операциялық жараның үстіндегі таңғыштың құрғақ екендігін бақылауды естен шығармайды. Плевра қуысына қойылған дренажды тексеріп, оның сыртқы ұшын Бобров аппаратына жалғастырады (бейжай дренаж) немесе дәрігермен бірге белсенді автоматты тәртібте қызмет атқаратын электр жұтқызғышқа қосады.

Әрбір күні 3-4 сағат сайын протеолиттік ферменттермен (химопсин, химотрипсин, трипсин, имозимаза ) аэрозольды терапия жүргізіледі.

Операциядан кейін науқасқа төрт тәулікке дейін сұйықтық ішуге рұқсат етілмейді. Сол үшін медбике өте ұқыпты түрде әрбір күні науқасқа сұйықтық қабылдауға болмайтындығын ескертеді. Бірінші күндері операциядан кейін сілекейдің шығуын азайту үшін науқасқа атрофин сульфат тағайындалады, сілекей соған қарамастан жыйналып қалған жағдайда, науқас оны жұтпайды, арнайы ыдысқа түкіруі қажет (сол үшін науқасқа алдын ала арнайы ыдыс беріледі). Науқасқа сұйықтық қабылдау операциядан кейін 4 – 5 күндері рұқсат етіледі, бір тәулікке бір стаканға дейін. Сондықтан науқас әр жолы кішкене мөлшерде сұйықтықты жұтуға тиіс. Операциядан кейін бір апта өткен соң, оған әр жолы 40 -50 мл 5 - 6 рет тәулігіне сұйық тамақ қабылдауға рұқсат етіледі. Емдәмді бірте – бірте кеңейтіп, екі апта өткеннен кейін емдәмдік №1 тағайындалады.



Операциядан кейін науқас көбіне назогастральды зондпен бөлімшеге түседі. Осындай жағдайда науқасты зонд арқылы тамақтандыруға болады.

Сүт безіне жасалған операциялардан кейін

Науқастардың күтімі

Науқасқа жоспарлы түрде операция жасалынатын болса онда алдын – ала сүт безінің терісін күтіп, дерматит болдырмаудың шараларын жүргізу қажет. Сүт безіне операция жасалынғаннан кейін науқасты кереуетке Фовлер әдісімен жатқызу керек. Егерде сүт безінің іріңді процесстеріне шұғыл түрде операция жасалынған жағдайда, сүт безінің астына клеенка төселуі қажет, себебі операциядан кейінгі жарадан шығатын қанды немесе қанды – іріңді сұйықтықтар төсекті былғамауы үшін. Медбике үнемі науқастың ауру сезімін бәсеңдету үшін жансыздандыратын дәрілерді енгізіп тұруды ұмытпауы керек. Сүт безіне операция, әсіресе мастэктомия науқасқа физикалық жарақаттан бөлек моральды нұсқан келтіреді. Сондықтан медбике науқастың психологиялық жағдайын үнемі бақылап, оған жайлы психологиялық климат түзіп, оның көңіл – күйін көтеруге тырысу үшін, оған үнемі зейін қою керек. Таңу жасау кезінде, науқас операциядан кейінгі жараны көріп, қорқып қалмас үшін, медбике жараны қалқалап тұрады, сонымен бірге оның қал-жағдайын сұрап, зейінін басқа жаққа аударады. Медбике операциядан кейінгі жараның таңғышын бақылап, қан кету байқалған жағдайда тезарада дәрігерге хабарлау қажет. Операциядан кейін тыныс ағзаларында асқынуларды болдырмауға және тезірек операция жасалынған жақтағы иық буынының қызметін қалпына келтіру үшін екінші күннен бастап науқас емдік физкультурамен шұғылдануы керек.



Диффузды токсикалық зобтың (қалқанша без) операциясынан

Кейін науқастарды күту

Диффузды токсикалық зобқа операциядан кейін науқасқа динамикалық бақылау жасалынады. Бір сағаттан кейін жүрек соғуының және тыныс алуының жиілігі, артериялық қан қысымы, екі сағаттан кейін дененің ыстығы өлшенеді. Науқасты операциядан кейін басын алдыға қаратып отырғызып, керек болған жағдайда мұрынға катетер қойып суланған оттегімен тыныс алдырады, тыныс алу гимнастикасы тағайындалып, тәулігіне бірнеше рет жасаттырылады. Емдеуші дәрігердің нұсқауымен ауру сезімін басу үшін жансыздандыру, жүрек қызметін жақсартуға арналған препараттар енгізіледі.

Науқастың операциядан кейінгі жараның бетін жауып қойылған таңғышты өне бойы бақылап тұруды қажет етеді, себебі кейбір жағдайларда операциядан кейін екіншілей қансырау басталуы мүмкін. Қансыраудың бірінші белгілері білінісімен науқасты қайтадан операцияға алып, тігістерді тарқатып, қансырап жатқан қан тамырын байлауға тура келеді.

Егерде науқастың денесінің ыстығы 38С гр. көтерілсе, жүрек соғуы 120 дейін жиілегенін медбике операциядан кейін кейбір кездерде дамыйтын тиреотоксикалық реакция деп бағалап, науқасқа ыстықты басатын және жүректің қызметін жақсартатын препараттар енгізіп, тез арада дәрігерді кеңеске шақырады.

Операция кезінде қалқанша аралық без жарақаттанғаннан науқаста діріл пайда бола бастаған жағдайда медбике дәрігерді шақырып, науқасқа кальций препаратын енгізе бастайды.

Әр жолы операциядан кейін жараның іріңдеп кетпеуі үшін таңу кезінде асептикалық және антисептикалық заңдылықтарды қатаң сақтау керек. Жараның тігістері бірнеше күннен кейін шешілгеннен соң, қайтадан лабораториялық тексерістердің нәтижесі дұрыс болған жағдайда науқас стационардан шығарылып, эндокринологтың бақылауына жіберіледі.


7823327586212372.html
7823365171090313.html
    PR.RU™